Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді

baq.kz

Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 13 сәуірге арналған ауа райына болжам жасады. "Қазгидромет" РМК болжамынша атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте, оңтүстік шығыста нөсер жаңбыр, батыста, солтүстік батыста жаңбыр соңы қарға айналады. Кей жерлерде тұмен түседі, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік шығыста бұршақ түсуі, солтүстік батыста бұрқасын болуы ықтимал. Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде – бұрқасын, түнде кей жерлерде, ал күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы, Түркістан облыстарында, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024