Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде 81 мың адамға әлеуметтік ID карта берілді

24.kz

Елімізде 81 мың адамға әлеуметтік ID карта берілді

Елде 81 мыңнан астам адамға әлеуметтік «Ай-Ди» карта берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».Ол арқылы тұрғындар қоғамдық көлікте жолақысын жеңілдікпен төлеп, сауда орындары мен дәріханаларда есеп айырыса алады. Бұл – айналымдағы құжат санын азайтып, бірқатар мемлекеттік қызмет түрін біріктірудің амалы. Қазір осы жоба республикалық маңыздағы үш қала мен сегіз облыс орталығында қолданылады. Ал қалған өңірлерде жыл соңына дейін іске қосылмақ. Карта ең алдымен, зейнеткерлер, әлеуметтік жәрдемақы алушылар, сондай-ақ мектеп оқушыларына ақысыз беріледі. Оны алу үшін «Қазпочта» және жергілікті жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берсеңіз жеткілікті. Ернұр Төлеужан, ҚР ЕХӘҚМ цифрландыру департаментінің
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024