Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматының периметрі бойындағы блок-бекеттер алынды

azattyq-ruhy.kz

Алматының периметрі бойындағы блок-бекеттер алынды

Бұл блок-бекеттер елдегі төтенше жағдайға байланысты және Алматы қаласының карантинге жабылуына байланысты, 19 наурызда орнатылған еді.  Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, екі жарым ай бойы блок-бекеттерді 700 тәртіп сақшы күзеткен. «Алғашқы күннен бастап әскери қызметшілер, әкімдік қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері блок-бекеттерде полициямен бірге қызмет етті. Жалпы, Алматыда карантин кезінде төтенше жағдайды бұзған 2200-ден астам адам тіркелсе, олардың үштен бірі блок-бекеттерде ұсталған.  Жалпы, екі ауысыммен бекеттерді 700-ге жуық полиция қызметкері күзетті», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024