Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 1250 орындық жатақхана салынады

baq.kz

Алматыда 1250 орындық жатақхана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күні қарсаңында және бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1250 орынды жайлылығы жоғары жаңа Студенттер үйінің құрылысы басталды. Жаңа жатақхананың тасын қалау рәсіміне университет басшылығы, инвестор мен құрылыс компанияларының, қоғам және БАҚ өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Салтанатты шарада сөз алған ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Бұл маңызды міндетті бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында Тұңғыш Президент Н.Назарбаев қойған болатын. Университет осы бағытта дәйекті жұмыс істеуде.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024