Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

СҚО-да үй құсы жаппай қырылып жатыр

turkystan.kz

СҚО-да үй құсы жаппай қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында үй құсының жаппай қырылуы тіркелді. Құстардың қырылуы Тимирязев ауданының Тимирязево және Элеваторный елді мекендерінде, Ғ.Мүсірепов атындағы Чернобаевка ауылында, Сухорабовка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында анықталған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Барлығы 686 бас құс тіркелді. Олар үй иелерінің ауласында өртеліп, дезинфекциялық шаралар жүргізілді. «Ветеринарлық қызмет құстардан қан мен ішкі ағзаларын зертханалық тексеруге алды. Олар індеттің себебін анықтау үшін «Республикалық ветеринарлық лабораторияға» жіберілді. Облыс прокуратурасы жағдайды бақылауға алды. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр»,
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024