Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Францияда коронавирус қайта өршіді

turkystan.kz

Францияда коронавирус қайта өршіді

Францияда коронавирус жұқтыру деректері күрт өсті. Сенбі күні елде 10561 адамнан індет анықталды. Ел билігінің хабарлауынша, бұл жұмадағы көрсеткіштен 1000 адамға көп. Франция ауруханаларына коронавирус диагнозымен ауруханаға, жансақтау бөліміне түсушілер қатары да артқан. Сенбі күні ел ауруханаларына 2432 пациент түссе, олардың 417-сі жансақтау бөліміне орналастырылған. Ақ халаттылардың айтуынша, індет жұқтыру деңгейінің өсімі, әсіресе, жастар арасында көп. Пандемия басталғалы елде 30 мыңнан астам науқас көз жұмды. Індет құрбандарының саны жөнінен Франция әлем бойынша жетінші орында. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде індет жұқтырғандардың жалпы саны 28,9 миллионнан асты. Қате
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024