Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙ ҚҰСТАРЫНА ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

qazweek.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙ ҚҰСТАРЫНА ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында құс тұмауы ауруының алдын алу мақсатында үй құстарына жаппай екпе жасалуда. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан Шымкент қаласына құс тұмауына қарсы 33 173 доза екпе бөлінді. Вакциналар қаладағы 6 ветеринариялық бекетке таратылып, бүгінгі күні қала аумағындағы су қоймаларына жақын орналасқан үй құстарына құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары басталды. Алдағы күндері аталған комитет тарапынан қосымша 70 000 доза екпе босатылатын болады. Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күні құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты. Г. ҚАПАЛ
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024