Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушы қызды қағып кетті

ktk.kz

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушы қызды қағып кетті

«Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған. «Уаз» автокөлігі Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол жиегінде тұрған екі 8 жастағы және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Алматы облысының Полиция департаменті көлікті басқарған Еңбекшіқазақ ауданы Корам ауылының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ол көлікті мас күйінде жүргізген», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жарақат алған үш бала Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші медициналық айықтыру пунктіне орналастырылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына сәйкес ҚР ҚК 345-1 бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Дереккөз:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024