Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыдағы үйлердің бірінің дәлізінен екі айлық бала табылды

qazweek.kz

Қарағандыдағы үйлердің бірінің дәлізінен екі айлық бала табылды

Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды. Бұл туралы 3 наурызға қараған түні сағат 00:15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына (қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024