Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Коронавирус пен оған ұқсас пневмониямен 2890 адам тіркелді, 37 науқас қайтыс болды

azattyq.org

Коронавирус пен оған ұқсас пневмониямен 2890 адам тіркелді, 37 науқас қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршіді. Өткен тәулікте елде коронавирус дерті зертханада ПТР әдісі арқылы расталған (КВИ+) 2 822 адам тіркелді. Әсіресе екі ірі қала – Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауру жұқтырғандар көп. Кеше астанада – 653, Алматыда – 680 кісі Covid-пен есепке алынды. Аймақтар бойынша дерт жұқтырғандар көрсеткіші бойынша Алматы (248 адам), Қарағанды (205 адам), Ақтөбе (161 адам), Атырау (119 адам), Батыс Қазақстан (114 адам) облыстары және Шымкент қаласы (121 адам) алда тұр.Ресми дерекке сүйенсек, былтыр наурызда елге коронавирус індеті келгелі 284 173 адам коронавируспен ауырған.15 сәуірде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен (КВИ-) сырқат 68 адам тіркелді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024