Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында келіншегі мен анасы ішімдік ішіп отырған ер адамның көңілдесі екеуінің үстінен түсті

aikyn.kz

Алматы облысында келіншегі мен анасы ішімдік ішіп отырған ер адамның көңілдесі екеуінің үстінен түсті

Алматы облысында көңілдесінің әйелі мен анасынан қашпақ болған келіншек біреудің көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түсті, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Қапшағай ауданы полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылының 27 жастағы тұрғыны Кia Rio көлігі ұрланғанын айтып, шағымданған. Ол өз көлігін танысына сақтандыру бойынша басқару құқығымен берген. Ал ол көлікті Қапшағай қаласының маңындағы Ақөзек ауылына қалдырып кеткен. Тергеу барысында тәртіп сақшылары көлікті Қапшағайдың 32 жастағы тұрғыны ұрлағанын анықтаған. Келіншек Ақөзектегі жеке үйлердің бірінде көңілдесімен уақыт өткізіп жатқан. Спирттік ішімдік ішіп отырған кезде үйге ер адамның анасы мен әйелі келіп, келіншекті ұра бастаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024