ШҚО-да қар құрсауында қалған көлік құтқарылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жолда қалған көлік жүргізушісіне құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қарашада кешкі уақытта Тарғын және Алғабас ауылдарының арасындағы жолда «Toyota Estima» автокөлігінің жүргізушісі қар құрсауында қалған. Ер адам құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұрады. «Ұлан ауданының №31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп жетті. Бір сағаттан астам уақыт ішінде олар автокөлікті қардан шығарып, Тарғын ауылына дейін жеткізіп тастаған», - делінген ақпаратта. Айта кетейік, облыста дауылды ескерту жарияланған болатын. Бүгін күн
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 ақпан 2026
15 ақпан 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар