Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Баласы үйінен қуғанын айтып, көмек сұраған "Гүлдер" ансамблінің экс-солисіне пәтер берілді

alashainasy.kz

Баласы үйінен қуғанын айтып, көмек сұраған Гүлдер ансамблінің экс-солисіне пәтер берілді

"Гүлдер" ансамблінің экс-солисі Амангелді Шыңғысовқа қайырымды жандар ақша жинап, пәтер алып берді, деп хабарлайды Қуанышты хабар Instagram әлеуметтік желісіндегі "Жұбайы мен қызы дүниеден ерте кетіп, ұлы мен келіні үйінен қуып шыққан атамыз елдің бәрін жылатып еді. Жанашыр халық жиналып, қайырымдылық қордың бастамасымен 48 сағаттың ішінде қамкөңіл қартқа пәтер алып берді және умраға жолдама сыйлады. Ел азаматтарына және атсалысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Алла разы болсын!" – делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 82 жастағы алматылық қария Амангелді Шыңғысовтың мегаполистегі вокзал маңы мен хостелдерді жағалап, күн кешіп жүргенін жазған едік.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024