Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысында демалыс күндері көктайғақтан 53 жол апаты болды

basnews.kz

Павлодар облысында демалыс күндері көктайғақтан 53 жол апаты болды

Өңірде тасжолда болған апаттан 22 адамның зардап шеккені тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі. «Ауа райының нашарлауына, яғни көктайғаққа байланысты жүргізушілердің жолда және елді мекендерде абай болуын сұраймыз», – дейді Павлодар облысының полицейлері. Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде демалыс күндері 53 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 22 адам медициналық көмекке жүгінген, қаза тапқандар жоқ. «Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер алыс жолға шықпауға, жол ережесін жіті ұстануға, әсіресе жылдамдықты асырмауға және көліктер арасында қашықтықты сақтауға кеңес береді», – деді ведомстводан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024