Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҰҰ: Соғыс басталғалы бері 5 миллион адам Украинадан босып кеткен

azattyq.org

БҰҰ: Соғыс басталғалы бері 5 миллион адам Украинадан босып кеткен

Ресей соғыс ашқалы бері бес миллионнан астам адам Украинадан босып кеткен. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бергі Еуропадағы ең ірі миграциялық дағдарыс, деп жазды БҰҰ дерегіне сүйенген AFP агенттігі.Босқындардың басым бөлігі яғни, шамамен үш миллион адамды Польша қабылдаған. Украинаның өз ішінде жеті миллион адам басқа өңірге көшуге мәжбүр болған.Украинадағы балалардың үштен екісі жақындарымен бірге үйлерін тастап кеткен. Олардың бір бөлігі елден кетсе, бір бөлігі басқа өңірге қоныс аударған.Украинадан Ресей аумағына 400 мыңнан астам адам кірген.БҰҰ дерегінше, елде босып кеткендер көбеюімен қатар Украинаға оралып жатқандар да бар. Халықаралық ұйым мәліметінше, 870 мың адам еліне оралған.Осыған дейін БҰҰ 24 ақпаннан бері Украинаның 2 мыңға жуық бейбіт тұрғыны қаза болғанын, 150-і бала екенін мәлімдеген. Бұл көрсеткіш көп болуы да ықтимал, себебі шайқас қызу жүріп жатқан аймақтардан ақпарат кешігіп жетеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар