Алты ай ғарышта болған қытайлық үш ғарышкер Жерге оралды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Үш ғарышкер мінген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы сенбі күні таңертең Қытайдың солтүстігіне аман-есен қонды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Үш қытайлық астронавт экипажы бар «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономия ауданына аман-есен қонды. Қону қалыпты болды, барлығы өзін жақсы сезінеді» делінген хабарламада. Бұл ғарыш сапарында үш тайконавт (ғарышкерлерді Қытайда осылай атайды) Жай Чжиган, Ван Япин және Е Гуанфу алты ай бойы бір миссияның бөлігі ретінде ғарышта өткізген уақыт бойынша рекорд орнатты. Естеріңізге сала кетейік, «Шэньчжоу-13» ғарыш аппараты 2021 жылдың қазан айында ұшырылған еді.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 17
-
- Қараша, 12
-
- Қараша, 11
-
- Қараша, 10
-
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 16
-
- Қазан, 15
-
- Қазан, 14
-
-
- Қазан, 13
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 қараша 2025
18 қараша 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар