Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бұлардың шаңыраққа қарайтын кезі бола ма, болмай ма?

alashainasy.kz

Бұлардың шаңыраққа қарайтын кезі бола ма, болмай ма?

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өте дұрыс мәселе көтерді. Өткенде ғана Семейге бардық. Ұшақ белгілі бір биіктікті алғаннан кейін стюардессалар шәй-пәйларын тарата бастады. Бір кезде қолдарындағы электронды ақша төлейтін құралды байқап қалып: "Аспанда жүріп сауда жасайтын болғансыңдар ма" десем, "Иә, біраз болды ғой бұлай болғалы" дейді. Осыдан 25-30 жылдай бұрын Семейден Қызылордаға бара жатқанда мөшөк-мөшөк күріш сатқандар пойызды жабайы базарға айналдырғандарын көріп шошыған болатынмын. Ал мыналардікі мәдениеттілеу болғанмен, бір крөшкө шәйі 500 тг, бір жапырақ наны 1500 тг... Қанша ұшып жүрсем де әуеде келе жатып сауда жасағандарын байқамаппын. Мәселе ішкен-жегенде емес. Бұл не басынғандық. Бұрын соның бәрі билеттің ішінде еді. Қазіргі кезде өнерпаз атаулыны қан қақсатып тұрған — ФЛЭЙ АРЫСТАН мен ЭЙР АСТАНА деген авиакомпанияның қолыңа жүк алғызбайтыны. Әсіресе, домбыраңды қолыңа ұстатпайды. Бұл не сонда? Оның аспап екенін көріп тұрып, әдейі солай жасата ма?.. Аспап қымбат. Ал егер сол аспап сынып, бағасы осындай десең, солар сол аспаптың бағасының сонша қымбат екеніне сенбейді де. "Мұнша қымбат болуы мүмкін емес" деп оны төлеуден бас тартуы әбден мүмкін. Бұлардың шаңыраққа қарайтын кезі бола ма, болмай ма? Басқа шығып болды, енді тышуын күтетін емес. Әуе компанияларын мемлекет өз қолына алып, өзі айналысу керек қой. Шетелдік компаниялар, мемлекетке төлейтіні бар, өз қалтасы бар... Сосын, қандай да бір пайда табу үшін ойына келгенін істеп, әуеде сауда жасайды. Мына түрімізбен Айға дача салып, Марста үй тұрғызатын шығармыз... Еркін Шүкіман Фейсбуктегі парақшасынан Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024