Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда Теңге мұнай-газ өндіруші компанияның жүз шақты мұнайшысы үш аптадан бері ереуілдеп тұр

azattyq.org

Маңғыстауда Теңге мұнай-газ өндіруші компанияның жүз шақты мұнайшысы үш аптадан бері ереуілдеп тұр

Маңғыстау облысындағы Теңге мұнай-газ кенін өндіруші Tenge Oil Gas компаниясының жүз шақты жұмысшысы ереуіл бастағанына үш аптаға жуықтады.Олар кәсіпорын директорын, оның орынбасары мен қаржы директорын жұмыстан шығаруды, сонымен бірге айлықты "Өзенмұнайгаз" компаниясы жұмысшыларының жалақысына теңестіруді талап етті. Бұған қоса, ереуілдегілер жұмысшыларға сыйақы тағайындауды, өндіріс зиянын өтеуді, жұмыс уақытысынан тыс еңбекке ақы төлеуді, он үшінші жалақы тағайындауды, тамақ пен тазалық сапасын арттыруды сұрады.Жұмысшылар барлығы 14 талап қойды. Ереуілдегілердің айтуынша, компания ай сайын 6,5 мыңнан 9 мың тоннаға дейін мұнай өндіреді, мұндай көрсеткіш жұмысшылар талабын орындауға жетуі тиіс.Олар компания басшылығына ұжым арызын 18 сәуірде өткізген, алайда жұмыс беруші талаптарды орындаудан бас тартып, келісім комиссиясын құруға келіспеді. 28 сәуірде жұмысшылар арыз-талаптарын бейнеүндеуге жазып, оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен әкімі Айбек Қосауовқа жолдады.11 мамырда ереуілдегілер тағы бір бейнеүндеу жариялады. Бұл жолы олар еңбек инспекциясының әрекетсіздігін сынап, президенттен араша түсуін, парламент депутаттарынан мұнайшылармен кездесуге келусін сұрады."Қазір 90-ға жуық жұмысшы ереуілдеп тұр. Кәсіпорында барлығы 150 адам жұмыс істейді, солардың 110-ы - жұмысшы. Кәсіпорын жұмысты толық тоқтатты", - деді 17 мамырда оператор болып істейтін Сәбит Истурнов. Оның айтуынша, компания басшылығы айлықсыз демалысқа кеткен.Tenge Oil Gas компаниясының бас директоры Қайрош Айтжанов шамамен 150 жұмысшының жартысы айлықсыз демалыста екенін Азаттыққа растады. Айтжановтың айтуынша, кәсіпорын бір тамшы да мұнай өндіріп жатқан жоқ, өйткені жұмысшылар 11 мамырдан бері ереуілде тұр. Tenge Oil Gas орташа кәсіпорын болғандықтан "Өзенмұнайгаз" деңгейінде жалақы төлей алмайды, дейді ол.Маңғыстау облысында биыл айлықты көтеру, жұмыс орындарын ашу талаптары қойылған ереуілдер жиі болып жатыр. 18 сәуірде Жаңаөзенде "КЕЗБИ" компаниясының жұмысшылары ереуіл бастаған. Олардың бір тобы мамыр айының басында астанада наразылық өткізіп, "жемісті" келіссөзден кейін Жаңаөзенге оралған. 16 мамырда Еңбек министрлігінің комиссиясы "КЕЗБИ" компаниясына тексеріс бастаған. Қарсылыққа шыққан мұнайшылар "жұмыс беруші ескі техникаларды тығып қойып, тексеріс нәтижесіз аяқтала ма" деп қауіптенеді.Қарай отырыңыз: Жаңаөзенде «Кезби» мекемесіне еңбек министрлігі комиссиясы барды (17 мамыр 2022 жыл).
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024