Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Прокурор Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған белсенді Ерғали Құлбаевқа төрт жыл шартты жаза сұрады

azattyq.org

Прокурор Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған белсенді Ерғали Құлбаевқа төрт жыл шартты жаза сұрады

18 мамырда прокурор Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша айыпталған азаматтық белсенді Ерғали Құлбаевқа төрт жыл шартты жаза сұрады. Бұл жөнінде сот залынан Азаттық тілшісі хабарлады.Прокурор соттан Құлбаевтың айыпты ішінара мойындағанын және кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескеріп, жазаны жеңілдетуді, бұл бап бойынша тек түрме жазасы қарастырылғандықтан 4 жыл түрме жазасын шартты жазаға ауыстыруды сұрады. Қамауда жатқан бір күнін 1,5 күнге есептеу керектігін айтты.Ал Құлбаевтың адвокаты белсендінің қылмыс жасамағанын, оның бар болғаны "рұқсат етілмеген митингіге қатысқанын", егер "жазалау қажет болса", қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады. Ал белсендінің өзі "бейбіт митингіге шыққанын мойындап", бірақ көлік өртеу, полицейлерге күш көрсету сияқты заңға қайшы әрекет жасамағанын айтты. Сот үкімі сәрсенбі күні түсте шығуы мүмкін.Бұған дейін Құлбаев Азаттыққа "бұл істі белсенділігіммен байланыстырамын, істің саяси астары бар" деген еді.Құлбаев төрт айдан астам уақыттан бері тергеу изоляторында қамауда жатыр. Процеске туыстарымен бірген жақтастары да қатысып жатыр.Шымкентте қаңтар оқғасына байланысты жеті белсенді ұсталып, қамалған. Олардың екеуі – көп балалы ана. Кейіннен екі белсенді ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген. Қамауда жатқан бес белсендінің екеуінің ісін сот қарай бастады.Шымкентте қаңтар оқиғасы 4-6 қаңтарда өтті. Бейбіт шерумен басталған наразылық жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Ондаған полиция көлігі мен жеке көліктер, автобустар өртенген, қала әкімдігі ғимаратымен бірге бірнеше мемлекеттік мекеме бүлінген.Ресми мәлімет бойынша, тәртіпсіздік кезінде 120-дан аса адам түрлі жарақат алып, 20 адам қайтыс болған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024