Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еліміздің шекарасын қуыршақ күзетіп тұр (фото)

kznews.kz

Еліміздің шекарасын қуыршақ күзетіп тұр (фото)

Еліміздің шығысындағы Қытаймен іргелес жатқан, бұрын аудан орталықтары болған елді мекендердің тұрғындары ел шекарасы үшін алаңдайды. Айтуларынша, шекараның Қазақстан жағы – қаңыраған дала, Қытай жағы – елді мекендер мен қала.Әрі шекарамызды қуыршақ «күзетіп» тұр дейді олар, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Халық үні басылымына сілтеме жасап «Аудан болып тарқамай тұрғанда бізде 13 застава болған. Кейін олардың барлығы жай қойма болып қалды. Анау Қытай жағынан көлікке мініп, өздерінің туларын алып, жарты сағат сайын жүріп өтіп, күзетеді. Ал біздің жақтың шекарасы ашық, бос. Бір сарбаз жүрсе жүрді, жүрмесе оның өзі жоқ», — дейді Мақаншы ауылының тұрғыны Хасен Таласбаев. Мұнара басындағы күзетші сарбаздың орнында бау-бақшаға құстарды үркіту үшін қоятын «қарақшы» тұр екен. Сонымен қатар шекара шетіндегі ауылда ұялы байланыс әрең істейді. Интернет мүлдем жоқ. Ал оның орнына көрші мемлекеттің ұялы байланыс операторларынан «Қытайға қош келдіңіз!» деген хабарламалар келіп тұратын көрінеді. «Еліміз шекарада отыр. 212 шақырым шекара біздің ауданымызда. Шекара ашық қалды. Қытайда 32 қабатқа дейін үй салып жатыр. Шекараның барлығына жарық, бейне бақылау камерасын орнатып тастады. Ал біздікі бос қалды. Халық кетпеуі үшін біздің шекараны күшейту керек», — дейді Мақаншы ауылының тұрғыны Төлеген Жирентаев. Ал тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрімовтің айтуынша, Қытай тарапы өз жеріне сыймағандықтан, біздің жерге көз тігуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. (Ақпарат, Фото stan.kz)
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024