Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарлық әйел әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдар таратқан

alashainasy.kz

Павлодарлық әйел әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдар таратқан

Экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу кезінде пайдаланушылардың бірінің парақшасында діни мазмұндағы материалдар бар 39 аудиожазба анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы қала тұрғыны тыйым салынған контентті ашық қолжетімділікке орналастырған. - Аталған факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деді департаментте. Айта кетерлігі, жыл басынан бері жедел уәкілдер осы тектес бұзушылықтың 11-ден астам фактісін анықтады. Полиция тұрғындардан заңсыз діни қызмет бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102, 8 (7182) 37-80-11 және 39-19-04 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024