Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ интернет алаяқтардың мекенжайын анықтауға арналған құрал-жабдықтар алды

almaty-akshamy.kz

ІІМ интернет алаяқтардың мекенжайын анықтауға арналған құрал-жабдықтар алды

ІІМ криминалдық полиция бөлімшелеріне интернетті бақылау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қазақстандық пайдаланушыларын (алаяқтарды) анықтау үшін заманауи құрал-жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық жүйе сатып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдар кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция бөлімшелеріне интернетті бақылау, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қазақстандық пайдаланушыларын (алаяқтарды) анықтау үшін заманауи құрал-жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық жүйені сатып алды», – деді Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының Mudarabah Capital компаниясына қатысты сауалдарына жауап бере отырып. Ол өткен жылдың басынан бері Бас прокуратура қылмыстың бұл түріне қарсы нақты шаралар қабылдағанын еске салды. «Үйлестіру кеңесі өткізілді, ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды, іс-шаралар жоспарлары мен әдістемелік құралдар әзірленді, микрокредиттер беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, типологиясы мен өзара іс-қимыл жоспары қабылданды, қаржы пирамидаларының сыртқы белгілерінің тізбесі анықталды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған алаяқтыққа қарсы іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында бірлескен шаралар кешені әзірленді. Осыған байланысты Жол картасының тармақтарын жүзеге асыру үшін Бас прокуратура жанынан ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды», – деп қосты Бас прокурор. Сондай-ақ, оның айтуынша Ішкі істер министрлігінің білікті мамандарын даярлау мақсатында, алаяқтық және қаржы пирамидалары бойынша қылмыстық істерді тергеу тактикасы мен әдістеріне бағытталған арнайы оқыту бағдарламалары әзірленген. «Полицияның аумақтық бөлімшелерінде осы санаттағы істерді ашуға және тергеуге маманданған тұрақты тергеу-жедел топтары құрылды. Қаржы мониторингі агенттігі ықтимал қаржылық пирамидаларды ерте анықтау механизмін енгізді», – деді Берік Асылов.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024