Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азаматтық белсенді Асқар Қайырбек бостандыққа шықты

azattyq.org

Азаматтық белсенді Асқар Қайырбек бостандыққа шықты

"Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деп айыпталып, былтыр екі жыл екі айға абақтыға қамалған "саяси тұтқын" Асқар Қайырбек 19 мамырда бостандыққа шықты. Бұған дейін сот оның жазасын жеңілдеткен еді.Асқар Қайырбекті таңертең Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесі алдынан оның жақтастары күтіп алды. Азаттық тілшісімен телефонмен әңгімеде ол жағдайының жақсы екенін, бостандыққа шыққанына сене алмай отырғанын айтты.Асқар Қайырбек өзін мерізіміне бұрын босатуды сұрап 2022 жылдың 26 қаңтарында да арыз түсірген. Бірақ Петропавл соты оның “қылмысы экстремистік іс деп саналғандықтан" өтінішті қанағаттандырмай тастаған.Ол сәуірде өзінің жазасын өтеп жатқан Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесінде соққыға жығылғанын мәлімдеген. Бұл жағдайды түрме басшылығы растап, процессуалдық шешім қабылданғанын, “қызмет бабын асыра пайдалану” бабымен іс қозғалып жатқанын айтқан. Бірақ азаматтық белсендінің түрмеде соққыға жығылғанына қатысты бас прокуратураға арыз түсірген жақтастары құқық қорғау органдары “азаптау” туралы іс қозғауы керек” деп санайды.45 жастағы Асқар Қайырбек 2021 жылы маусымда бір жарым жылға сотталып, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына (оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов негізін қалаған ұйымды Қазақстан соты "экстремистік" деп таныған, ал Еуропарламент "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған) қатысы бар деп айыпталған. Кейін прокурор шағым түсіріп, былтыр 2 қыркүйектегі сот қаулысынан соң Асқар Қайырбекке тағы да 6 ай түрме жазасы қосылған еді. Сот оған бес жыл қоғамдық-саяси жұмыспен де айналысуға тыйым салған.Сарапшылар елде "саяси тұтқындар" тізімі жиі толығатынын айтады. Осыған дейін "экстремизм" бабымен айыпталған бірнеше белсенді қамаудан шыққанмен мамыр айының басында "саяси тұтқындар" тізіміне алты адам қосылды. Үшеуі атап айтқанда, саяси белсенді Жанболат Мамай, Дархан Уәлиев және Мұратбай Баймағамбетов Қаңтар оқиғасына байланысты қамалған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024