Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жәнібек – Дэнни жекпе-жегін "Хабар" арнасы көрсетеді

informburo.kz

 Жәнібек – Дэнни жекпе-жегін Хабар арнасы көрсетеді

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумнің жекпе-жегі 22 мамыр күні сағат 07:00-де "Хабар" арнасынан көрсетіледі. Бұл туралы арнаның баспасөз қызметі хабарлады. Qazaq style атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы бокстағы кезекті кездесуінде WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырық түйістіреді. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы "Resorts World" аренасында өтеді. "Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл маңызды жекпе-жек болмақ. Ол белгілі промоутер Боб Арумның қол астында алғашқы марапатты жеңіп алуға мүмкіндік алып отыр. Боксшының Дэнни Дигмуммен болатын кездесуде өзінің шеберлігін көрсетуге зор мүмкіндігі бар", – деді "Хабар" агенттігі спорттық трансляциялар және бағдарламалар бөлімінің басшысы Аскат Жақаев. Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жегі 21 мамырда өтеді
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024