ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Мақсат - балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауға, оларға қамқорлық жасауға қоғамның назарын аудару. Бүгінде Петропавл қалалық Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 39 бала тәрбиеленіп жатыр. Мерекеге орай облыстық қылмыстық - атқару жүйесі департаменті қызметкерлері орталықта қайырымдылық акциясын өткізді. Тақырыпты әріптесім тарқатсын. Қалалық Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы. Мекемеде 6 мен 18 жас аралығындағы балалар тәрбиеленіп жатыр. Өңірлік пробация қызметкері – Гүлжан Башенованың айтуынша, олар орталыққа жиі келіп, түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Ондағы басты мақсат балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлау. ГҮЛЖАН БАШЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Акция аясында аниматорлар балаларға түрлі ойындар ұйымдастырды. Іс-шара соңында сыйлықтармен қатар жазғы демалысқа керек-жарақтар, ойыншықтар таратылды. ГҮЛСИПАТ ҚАТРАНОВА, ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Балалар жылы, балаларды қорғау мейрамына орай ұйымдастырылыған іс-шара балғындардың көңілінен шықты. – Сайқымазақ сондай күлкілі. Онымен қоса үлкен піл де бар. – Маған бәрі қатты ұнады. Би, ән. Барлығы өте көңілді өтті. – Бүгін маған достарыммен билеп, ойындар ойнаған ұнады. – Мен бүгінгі күннен ерекше әсер алдым. Әрине оның ішінде бізбен бірге ойнаған сайқымазақ та бар. Айта кетейік, қалалық қылмыстық - атқару жүйесі департаменті балалар ауылындағы қайырымдылық шараларынан бөлек есепте тұрған сотталғандар мен көп балалы ата-аналарға да көмектесіп тұрады.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 қаңтар 2026
15 қаңтар 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар