Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әскерилердің зейнетке шығатын жасына тағы 5 жыл қосылады

kz.kursiv.media

Әскерилердің зейнетке шығатын жасына тағы 5 жыл қосылады

Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнетке шығатын жасы ұзарды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин мәлімдеді. Оның айтуынша, зейнет жасы әскери қызмет туралы заңда белгіленген шекті жасқа байланысты. 2022 жылы заңға әскери қызмет мерзімін бес жылға ұзартатын норма енгізілгендіктен, олардың зейнетке шығатын жасына тағы бес жыл қосылған. Сонымен қатар, зейнетақы төлемдері де көбейеді. Бимолдин зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты екенін еске салды. Әскерилер ынтымақты зейнетке мемлекеттік бюджет есебінен шығады. Бұған дейін бұл жинақтық жүйе есебінен жүзеге асырылып келген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар