Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталмақ

altyn-orda.kz

Украинадағы қақтығысқа қатысқан қазақстандық 9 жылға сотталмақ

“Қазіргі уақытта ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Қазақстан азаматына қатысты оның Украина аумағындағы әскери қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы ақпарат түсуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы “Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу” бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр”, – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер. ҰҚК сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті. “Қазақстан азаматтарының қандай да бір шет мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысуына байланысты әрекеттері, жалдамалылық белгілері болмаса, ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша қарастырылады. Мұндай қылмысты жасағаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған”, – деді ҰҚК.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар