Шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваның мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді

alashainasy.kz

Шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваның мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді

ҚР Шахмат Федерациясы Бибісара Асаубаеваның мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан Шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасовтың ұйымға 3 миллиард теңге ақша сұрату үшін спортшыларды Президент Әкімшілігіне алып келгенін айтып, мәлімдеме жасаған болатын. Ол чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысатын адамдардың әрекетінен ұялатынын жеткізген. Алайда бұл ақпаратты Шахмат федерациясы жоққа шығарып отыр.

“Мемлекеттен Шахмат федерация қажеттілігі үшін немесе басқа шығындарға байланысты ешқандай да қаражат сұралмады. Мемлекет басшысымен және оның әкімшілігімен кездесулер барысында Қазақстандағы шахматты дамыту тұжырымдамасы ғана қарастырылды. Бұл фактіні Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Федерация президенті Ғалым Құсайынов, ҚШФ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, әйелдер құрамасының көшбасшысы Жансая Әбдімәлік растап отыр”, – дейді шахмат федерациясы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда шахматты дамыту бастамасын қолдағанын айтты.

“Назар аударсаңыздар, мектептегі шахмат, муниципалды клубтар, тұжырымдамада көрсетілген оқытушыларды даярлау жұмыстарын Шахмат федерациясы қаржыландырмайды. Мұнымен бейінді министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар тікелей айналысады”, – делінген хабарламада.

Шахмат федерациясының хабарлауынша, қазіргі уақытта спортшылар мен федерацияның барлық назары Үндістандағы олимпиадаға дайындалуға бағытталған.

Тектес:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2022