Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жемқорлыққа қарсы агенттік журналист Махамбет Әбжан ұсталғанын хабарлады

azattyq.org

Жемқорлыққа қарсы агенттік журналист Махамбет Әбжан ұсталғанын хабарлады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 3 шілдеде таңертең журналист Махамбет Әбжанның ұсталғанын хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, журналист "ірі көлемде ақша бопсалау" бабы бойынша күдікке ілінген. Ол Нұр-Сұлтан қаласының уақытша қамау изоляторына қамалған.Жексенбі күні таңертең Телеграм арналарда Махамбет Әбжанның ұсталған сәтінен деп сипатталған сурет те тарады. Онда бетін қарамен бүркеген екі адамның Әбжанды қолынан ұстап тұрғаны көрінеді. Тағы бір адам жерде ақша санап жатыр. Оны бір ер адам камераға түсіріп тұр.Бір күн бұрын журналист Телеграм арнасында өзіне қатысты "тапсырыспен жазылған жазбалар" жарияланып жатқанын айтқан. Қазір журналистің әйелінің телефоны сөндірулі тұр. Полиция ақпарат бермеді.Махамбет Әбжанның үстінен екі қылмыстық іс Қаңтар оқиғасы кезінде де қозғалған. "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қозғалған бірінші істің ашылуына журналистің 4 қаңтарда астанадағы митинг кезінде "Дождь" телеарнасына берген сұхбаты түрткі болған деп айтылады. Онда журналист наразылықтың себебі мен халықтың билікке қойып отырған талап-тілектері жөнінде айтады. "Жеке өмірге қол сұқпау және дербес деректі қорғау заңын бұзу" бабы бойынша ашылған екінші іс ABZHAN NEWS телеграм арнасындағы жазбамен байланысты. Кейін бұл істердің тоқтатылғаны хабарланған.Журналист Махамбет Әбжанның Телеграм арнасына 18 мыңнан астам адам жазылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024