Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Атып тастауға хақым бар!" Талғарда жас баланы буындырған күзетші елді шошытты

alashainasy.kz

Атып тастауға хақым бар! Талғарда жас баланы буындырған күзетші елді шошытты

Ашулы күзетші керек болса оқ атуға да дайын екенін айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап. Стадионда болған жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Онда шамамен 55-60 жастағы ер кісі жасөспірімдерді балағаттап, қылқындыруға дейін барған. Ерегіс стадионның аумағындағы жасыл алаңда болған. Видеодағы ер кісі жастарды балағаттап, бір баланы қылқындырады. Қойыңыз дегенге көнбеген ол оқ атуға да рұқсаты бар екенін айтып қорқытыпты. Бұл дау тұрғындарға жаңа стадионда жүруге тыйым салынғандықтан басталған сыңайлы. Кәмелет жасына толмаған балаларға қол жұмсаған күзетшіні жауапқа тартуға қатысты мәселе әзірге белгісіз. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024