Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

alashainasy.kz

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 4 шілде күні бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Ақтөбе облысының орталығында, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Атырау облысында батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шымкентте күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл соғады. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай жарқылдайды. Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 4 -5 шілдеде солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024