Журналист Гүлмира Әбіқай Оңтүстікте өтірік күйеуге тиіп, қалың мал әкелген соң "ғайып болатын" келіндер барын айтты
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы журналистің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. "Өтірік күйеуге тиіп, артынан қалың мал әкелген соң түрлі сылтаумен “ғайып болатын” келіндер жайлы көп естідім. Түркістан мен Қызылорда облысында мұндай келін-қашыратын жеңге - қуып келетін нағашы әпке үштігінен құрылған алаяқтық топ бары да жасырын емес. Кезекті “келін” Ақерке. Қалың малын алып Аралдан Қазалыға аттанған құдалар қыз айтқан мекен-жайды таба алмайды. Сөйтсе, жаңа түскен келін 3 баласы, күйеуі бар кәдімгі бір отбасын шыр үйіріп отырған әйел екен. Ақшадан қатты қысылған соң абысыны екеуі ойлап тапқан амалы күйеуге қайта тию болыпты. Ауылда малы көп ынжық жігіттер жетеді", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.
- Соңғы
- Танымал
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 24
-
- Қараша, 21
-
-
- Қараша, 20
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 12
-
- Қараша, 11
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 желтоқсан 2025
7 желтоқсан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар