БАӘ-де толассыз жауған жаңбыр рекордтық мөлшерге жетті
Біріккен Араб Әмірліктерінде соңғы екі күнде толассыз жауған жаңбыр нәтижесінде 27 жылдағы жауын-шашынның ең көп мөлшері түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Khaleej Times басылымының мәліметінше, ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, нөсер мен жаңбыр ел тарихындағы ең үлкен су тасқынына әкелді. Бейсенбіде Фуджейра порт станциясында 255,2 мм жауын-шашын тіркелген, бұл шілде айында БАӘ үшін ең жоғары көрсеткіш. Жауын-шашынның мөлшері бойынша екінші көрсеткіш - 209,7 мм БАӘ-нің солтүстік-шығысындағы Рас-Аль-Хайма әмірлігінде орналасқан Масафи қаласында тіркелді. Үшіншісі - Фуджейра әуежайында жауын-шашын мөлшері 187,9 мм-ге жетті. Фуджейра полициясы су тасқыны салдарынан зардап шеккендер туралы ешқандай хабарлама түспегенін, тек ғимараттар мен көліктерге зиян келгенін хабарлады. БАӘ вице-президенті шейх Мұхаммед бин Рашид Дубайдағы құтқару топтарына Фуджейра Әмірлігінде, сондай-ақ қатты жаңбырдан зардап шеккен елдің шығыс аймақтарында құтқару жұмыстарына көмек көрсетуді тапсырды. Ел Үкіметі бейсенбі мен жұмада қашықтан жұмыс істеуге көшу туралы жарлық шығарды.
- Соңғы
- Танымал
- Қараша, 17
-
- Қараша, 12
-
- Қараша, 11
-
- Қараша, 10
-
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 16
-
- Қазан, 15
-
- Қазан, 14
-
-
- Қазан, 13
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
19 қараша 2025
19 қараша 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар