Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан билігі әлеуметтік желіні бақылайтын жаңа тетікке ие болды

azattyq.org

Қазақстан билігі әлеуметтік желіні бақылайтын жаңа тетікке ие болды

Қазақстан үкіметі ақпарат және қоғамды дамыту министрлігіне жаңа өкілет, оның ішінде мессенжерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысын шектеуге де құқық беретін қаулыға қол қойды.Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған қаулыға сәйкес, министрліктің төмендегідей құқықтары бар:Ведомство онлайн-платформа (Facebook сияқты әлеуметтік желілерден) немесе хабарлама алмасу сервистерінен (WhatsApp тәрізді мессенжерлер) бір күнде кіретін қолданушылар саны туралы ақпарат сұрай алады. Компаниялар платформаға кіретін адамдар санын анықтайтын бағдарлама орнатпаса, министрлік өз күшімен сайтқа кірушілер санын анықтай алады;Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел аумағында шетел онлайн-платформалары немесе мессенжерлерінің қызметін шектей алады;Терроризмді қаржыландырмауын қадағалау үшін коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне сараптама жүргізіп, бақылау жүргізе алады, түскен ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастырумен күресетін өкілетті органға тапсыра алады;сарапшылар тобын құрып бекітеді, сонымен бірге балалар кибербуллингісіне қатысты арыз-шағымдарды қарайды, телекоммуникация желілерінде заңның орындалуын қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен бірігіп әрекет етіп, ереже бекіте алады;Мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев белсенділер мен сарапшылар қауымы қатаң сынаған кибербуллинг туралы заңға қол қойған. Заң жобасының авторлары "құжат балаларды кибербуллингтен қорғайды, әлеуметтік желілер мен мессенжерердегі бала құқығына қайшы контенттерді жоюға ықпал етеді" деп айтқан.Заңға сәйкес, шетел әлеуметтік желілерінің Қазақстанның ақпарат саласындағы өкілетті органымен өзара байланыс орнатқан заңды өкілі болуы тиіс.Аталған түзетулерге қарсы белсенділер митинг өткізіп, петицияға қол жинаған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар