Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағайға қарсы біткен қайраткер еді — Қазыбек Иса

kznews.kz

Қарағайға қарсы біткен қайраткер еді — Қазыбек Иса

Белгілі депутат Қазыбек Иса өзінің facebook парақшасында Балташ Тұрсымбай туралы жазба жариялады деп хабарлайды kznews.kz тілшісі. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбай ағамыз да дүниеден өтті деген суық хабар жетті… Қазақ саясатындағы қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар қайраткерлердің бірегейі еді Балташ ағамыз!.. Былтыр ғана күзде мерейлі жасы — жемісті 75 жасымен құттықтау жазып едік… Мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығының айтулы арысы, саңлақ саясаткер Балташ ағамыздың зор қарымы мен іскерлік дарынын билік, яғни мемлекет жеткілікті пайдалануы керек еді. Билікте жүрсе де, елдің қамы үшін қасқайып тұрып, шындықты айтып жүрді. Әдеттегідей әділін айтқандар секілді орнынан кеткен соң, ауылшаруашылығы арпа мен бидайды айыра алмайтын асфальтта өскен коммерсанттардың қолына түскен еді… Ақыры не болғанын азық-түліктің басым бөлігін шетелден сатып алып, ауадан басқасының бәрі қымбаттап, қиындық қыспағында отырғанымызға қарап біле беріңіз… Мен қалай парламентке бардым, аспандағы ғарышта бір мәселе болса да, оған жердегі Қазыбек Иса кінәлі деп жамандай жөнелетін жалдамалы жалақорлар тобыры пайда болды. Кәдімгі аттары штатта тіркелген, бұйрық бойынша бірінен соң бірі шығып тұрады кезектерімен… Былтыр көктемде солардың бірі, Балташ ағамызға өтірік “іні” болып жүрген бір пақыр камерасын алып жетіп барып, шатып-бұтып сұрақтар қойып жатты да, ай-шай жоқ, тақырыпқа қатысы жоқ мен туралы пікір сұрап, жат та кеп жамандасын…Сонда Балташ ағамның сұсты қалпымен арандатушының ақымақ сұрағын қайтарып тастап, ақиқатын айтқан үлкен азаматтығына, ешқандай бұрын араласып көрмегенмен туралы ізгі лебізіне бек риза болдым.Ақиқатын айтатын Әділдігі туралы әңгіменің бәрі растығына куә болдым. Балташ ағамыздың “ЕЛ мен ЖЕР” үшін тер мен шер төгіп жүрген зор еңбегін ел жақсы біледі. Арысының нар тұлғасы халқының есінде ерекше асқақтай береді. Балташ ағамыз тереңнен ойлап, алысқа қарайтын, тарихты да әділ таразылай білетін зиялы тұлға еді. Анау бір жылдары жергілікті әкімдер Түркістанға Ақсақ Темірдің ескерткішін орнатпақ болғанда Балташ Тұрсымбай: “Алтын Орданың құлауына үлес қосқан билеушінің ескерткіші Алтын Орданың мұрагер елі Түркістанда тұруға лайық емес”-деп тоқтатып тастаған деген хабар естіп, разы болған едік. Балташ ағамыздың отбасына, туған-туыстарына, қайраткерін қабырғасы қайыса жоқтап жатқан қалың қазаққа көңіл айтамыз! Алла алдынан жарылқасын!Пейіште рухы шалқи бергей!Иманы саламат болсын! Қазыбек ИСА
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024