Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украина армиясы Луганск облысында Ресей жалдамалы әскерінің базасына соққы жасады

azattyq.org

Украина армиясы Луганск облысында Ресей жалдамалы әскерінің базасына соққы жасады

Украина қарулы күштері Луганск облысы Попасная қаласындағы ресейлік "Вагнер жеке әскери компаниясының" базасына артиллериямен соққы жасады.Базаның қирағанын Украинадағы соғыс туралы ақпарат тарататын бірнеше ресейлік телеграм-арна хабарлады. Арасында соғысқа жалдамалыларды тартып жатқаны жайлы хабарландыру жариялап, "вагнерліктер" туралы жаңалық тарататын телеграм-арна да бар.Ресейлік әскери тілші Юрий Котеноктің хабарлауынша, базаға дүркіндете ататын HIMARS жүйесімен соққы жасалған. Бұл қуатты қару түрін Украинаға АҚШ берген.АҚШ Украинаға 80 шақырымға дейінгі радиус аралығында ұшатын HIMARS жүйесі мен оған қажет оқ-дәрілерді жеткізген. HIMARS жүйесінде одан да алысқа ұшатын зымырандар бар, алайда олардың жеткізілгені жайлы ақпарат болған жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024