Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Іш киіміне дәрілік препарат жасырған тұрғын ұсталды

turkystan.kz

Іш киіміне дәрілік препарат жасырған тұрғын ұсталды

Ол 12 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Атырау облысындағы ҚАЖД УГ-157/1 мекемесіне (тергеу изоляторы) күйеуіне келген деп хабарлады turkystan.kz. Аталған азаматшаның күйеуі ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырылған. Мекемеге тыйым салынған заттарды алып өткені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы жазбаша түрде ескертілгеннен кейін азаматша И.М-ға жеке тексеру жүргізілді. Тексеру барысында іш киімінен «трамадол» деген жазуы бар 15 дана дәрілік препараттар табылып, тәркіленді. Осылайша, азаматша И.М. тыйым салынған заттарды мекеменің режимдік объектісіне айла-амалмен апаруға тырысқан. Аталған факті бойынша Атырау қаласы ПБ тергеу-жедел тобы шақырылып, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024