Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пентагон: Ресейдің әскер санын көбейтуі екіталай

azattyq.org

Пентагон: Ресейдің әскер санын көбейтуі екіталай

Украинаға шабуыл барысында ондаған мың сарбазынан айырылған Ресей билігі әскер қатарын толықтыруда көп қиындық көріп жатыр. Президент Владимир Путиннің әскери қызметкер санын 1 миллион 150 мың адамға көбейту туралы жарлығы орындалмауы мүмкін. Бұл жөнінде Пентагонның аты-жөнін атамаған жоғары шенді өкілі мәлімдеді."Бұл талап орындала қоюы екіталай, себебі бұрын да Ресей армиясы саны мен күш-қуатын өзі діттеген межеге жеткізе алмаған... Украинаға басып кіргенге дейін [Ресейде] армияға 150 мың сарбаз жетіспеген" деді Пентагон өкілі.Оның айтуынша, келісім-шартпен әскерге жаңа алынып жатқан әскерилердің көбі – физикалық және әскери дайындығы нашар, жасы үлкен адамдар. Осы және басқа себептерді ескерген Пентагон сарапшылары Ресей билігінің әскер санын көбейту әрекеті армияның күш-қуатын арттыруға үлес қоса қоймас деп болжайды.Тамыздың басында АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Колин Кол Ресей Украинадағы соғыста 70-80 мың сарбазын жоғалтқан болуы мүмкін деп болжаған. Олардың арасында қаза тапқандар мен жарақат алып, әскер қатарынан шығып қалғандар бар.Украин армиясы Херсон маңында шабуылға көшті деген ақпаратқа қатысты сұраққа жауап берген Пентагон өкілі мұны Украинаның қарымта шабуылы деп атау ертерек деді. Оның айтуынша, жағдай бірер тәулік ішінде нақтылана түседі. Дегенмен Украинаның әскери басшылығы соңғы күндері осы аймаққа көп әскер шоғырландырып жатқаны анық деді ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024