Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БАҚ: Ресей Санкт-Петербург түбіндегі әуе қорғанысы кешендерін Украинаға апарып жатыр

azattyq.org

БАҚ: Ресей Санкт-Петербург түбіндегі әуе қорғанысы кешендерін Украинаға апарып жатыр

Ресей Санкт-Петербург қаласының төңірегіндегі зенит зымырандары мен әуе қорғанысы жүйелерін Украинаға апарып жатыр. Мұны жексенбіде Финляндияның Yle басылымы жазды. Басылым бұл мәліметін спутниктен түсірілген суреттермен растай түскен.Петербург пен Украина шекарасының аралығы мың шақырымнан асады.Yle жазуына қарағанда, Санкт-Петербургті көп жылдан бері әуе қорғанысы жүйесінің 14 базасы қорғап тұрған. Басылым бұл төңіректі Ресейдің өте мықты қорғаныс шептерінің бірі деп санайды. Қазір олардың кейбірі босап қалған. Ал дәл іргесіндегі Финляндия Ресей жау санайтын НАТО-ға кіріп жатыр.Басылымның жазуынша, Санкт-Петербург түбіндегі зымырандар жаз кезінде-ақ жоқ бола бастаған. Спутник мәліметтеріне қарағанда, әуе қорғанысы жүйесі кейінгі кезде төрт әскери базадан жоғалған. Әскери сарапшы Марко Эклунд "Санкт-Петербург қорғанысы әлсіреп қалды есептеуге болмайды, өйткені негізінен ескі С-300 зымыран кешені әкетіліп, С-400 кешендері орындарында қалды" деп санайды.Эклунд сөзіне қарағанда, бұған дейін Реесй өзге де аймақтарынан С-300 кешендерін Украинаға жеткізіп жатқаны байқалған.Украина әскері Ресей С-300 зымырандарын тек әскери әуе қорғанысы үшін ғана емес, жердегі нысандарды ату үшін де қолданып жатыр деп есептейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024