Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әзірленді

almaty-akshamy.kz

Әскердегі өлім-жітімнің алдын алатын бағдарлама әзірленді

Әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қазақ болуын азайту мақсатында Қорғаныс министрлігі «Өміріңді сақта» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға cілтеме жасап. Бұған Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев, Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева, ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, полковник Төлеужан Жүнісов, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Қайрат Үмбетов қатысты. Жиын барысында олар әскери қызметшілер арасындағы орын алатын оқиғалардың негізгі себептері мен бағдарламаны іске асырудың едәуір тиімді жолдарын түсіндірді. «Бағдарламаның мазмұны тәжірибеде қолдануға барынша ыңғайлы. Ақпараттық-имидждік блоктан бастап, әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әскери инфрақұрылым объектілерін жетілдіру жөніндегі жұмыстардан заң шығару қызметіне дейінгі алдын алу бағыттарының барлық кешенін қамтыдық. Қазіргі әскер – ашық әлеуметтік институт. Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстанамыз», - деді генерал-майор Серік Борамбаев. Әскерлерде қазіргі заманғы байланыс құралдарын пайдалана отырып, мерзімді қызметтегі сарбаздардың туыстары және жақындарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін кеңейту шаралары да қабылданып жатыр. «Біз «Өміріңді сақта» бағдарламасы бойынша жұмыстың бес негізгі бағытын айқындадық. Мерзімді қызметкерлер арасында проблемалық мәселелерді шешу, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді полковник Төлеужан Жүнісов. Жаңа құжат Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығымен бекітілді. 2022-2025 жылдарға арналған «Өміріңді сақта» бағдарламасы үш кезеңде жүзеге асырылатын болады. Оның нәтижелері 2026 жылғы қаңтарда Қорғаныс министрлігінің бірлескен алқа отырысында шығарылады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024