Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жуалы ауданында Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ қара сөзінің қызыл жебесі» атты әдеби алаңы өтті

zhambylnews.kz

Жуалы ауданында Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ қара сөзінің қызыл жебесі» атты әдеби алаңы өтті

Мыңбұлақ ауылдық округі, Талапты ауылының кітапханасында Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен халық жазушысы, қоғам қайраткері, ұлт руханиятының абызы атанған Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ қара сөзінің қызыл жебесі» атты әдеби алаңы өтті. ⚡ Іс-шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Ш.Мұртазаның «41 жылғы келіншек» әңгімесінен көрініс көрсетті, «Ай мен Айша» романынан үзінді, «Қазақтың айналған ғой намысына!», «Өмірдің сәттері көп жанды азаптар», «Күркіреп айтар шындықты» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, «Мәңгілік мұраның рухани жанашыры» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, «Қазақтың руханияты – Шерхан Мұртаза библиографиялық көрсеткішке, «Қазақ сөз өнерінің наркескені» әдістемелік-библиографиялық құралға, «Ақиқаттың алдаспаны, шындықтың шырақшысы» ой-толғауларына, «Жұлдызы нұрлы суреткер» ақпараттық-жарнамалық флайеріне, «Мыңбұлақ» тақырыбында кітап инсталляциясын таныстырылды. Кешті орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Марзия Ермекбаева қорытындылап, іс-шараға атсалысқан оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024