Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шуда студенттер үйі ашылды

zhambylnews.kz

Шуда студенттер үйі ашылды

Шу қаласында “Студенттер үйі” ашылып, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Аталған шараға аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы қатысып, ауданымыздағы орта білім беру ошақтарының оқытушылары мен студенттерін көптен күткен қуаныштарымен құттықтады. Жаңа жатақханада 120 студентке арналған жатын орын бар екенін айта кету керек. Сондай-ақ, мұндағы бөлмелер екі, үш және төрт адамға арналған жиһаздармен жабдықталған. Заманауи үлгідегі жатақханада студенттерге қажетті өзге де игіліктер қарастырылған. Биылғы оқу жылынан бастап жатақхана бөлмелері негізінен шалғай елді мекендерден келетін студенттерге берілмек. Ауданда Шу гуманитарлық колледжі мен Теміржол және Алмас колледждерінің барын ескерсек, жатақханаға деген сұраныстың да жоғары екенін аңғару қиын емес. Сол себепті де Гүлнәр Жүнісәлиеваның бастамасымен бой көтерген жатақхана өңір студенттеріне өте қолайлы болмақ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024