Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тараздағы NIS: Ұлағатты ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі

zhambylnews.kz

Тараздағы NIS: Ұлағатты ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі

NIS желісіндегі алғашқы салтанатты қоңырау Тараз қаласының Зияткерлік мектебінде соғылды. 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Жиынның алғы сөзін мектеп директоры Абдрахманова Каракөз Избасарқызы бастап, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, алдағы оқу жылыныі сәтті өтуіне тілекші екенін жеткізді. Биылғы жылы еліміз қазақ халқының ұлылары – Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің мерейтойларын атап өтеді. Сондықтан жаңа оқу жылындағы бірінші қоңыраудың тақырыбы «Ұлағатты ұрпақ – мәңгілік елдің кепілі» символдық мәнге ие. Алғашқы қоңырауды 7 сынып оқушысы, «Өркен» грантының иегері атанған Айдын Ахметжан сыңғырлата соқты. Сонымен қатар түрлі олимпиадалар мен жоба жеңімпаздары иегері Аяжан Рүстемова және Ақбота Кеңесхан қоңырау соғуға атсалысты. Білімнің қайнар бұлағына айналған, өнердің жарқын шырағына айналған оқушыларымыз мақтау қағаздарымен марапатталды. Жиын соңында оқушылар Шаңырақ сағатына қатысып, оқу жылының алғашқы күнін ерекше ықыласпен бастады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024