Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путиннің Қазақстанға сапарына қарсылық: Алматыда тағы бір адам қамауға алынды

azattyq.org

Путиннің Қазақстанға сапарына қарсылық: Алматыда тағы бір адам қамауға алынды

14 қазан кешке Алматы тұрғыны Дінмұхамед Қаматай 15 тәулікке қамалды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оны «заңсыз митингіге қатысты» деп айыптаған. Бұл туралы Азаттыққа адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады.Адвокаттың сөзінше, Қаматай биыл 13 ақпандағы Алматының орталық алаңында, қаңтар оқиғасына 40 күн болғанда өткен азалы жиынға қатысқаны үшін айыпталған.– Дінмұхамедтің сөзінше, Қаңтар оқиғасына 40 күн толғанда, алаңға барып, құран бағыштамақ болған. Прокуратура өкілдері келіп, мұның заңсыз митиинг екенін ескерткен соң кетіп қалған. Бірақ суретке түсіп қалған. Суретке түсіп қалғаны үшін қамап тастау – бассыздық. Мен сотта Конституцияның 35-бабында азаматтар дәстүр мен ғұрыпты сақтауға құқылы екенін айттым. Қырқын өткізу – халқымызды ғұрпы. Егер қырқына жиналуды митингке жиналу деп, қамайтын болса, барлық астарды аралап, қатысушыларды қамауға болады, - дейді адвокат.Адвокат Ғалым Нұрпейісовтың сөзінше, Қаматай 14 қазанда күндіз бір топ белсендімен әкімшілік қамауға алынғандар отыратын изоляторға барған жерінде ұсталған. Олар бір күні бұрын, 13 қазанда ұсталып, 15 тәулікке қамалған Рафик Жарылқасымовқа сәлемдеме алып барған. Бостандық аудандық полициясына жеткізілген Қаматайға сол жерде сот өтіп, бірден қамауға алынған.Рафик Жарылқасымов Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путиннің келуіне қарсы болып, 15 қазанда өзін қолдаушыларды алаңға жиналуға шақырған. Оның бұл шақыруын «заңсыз митингке шақыру» деп бағалаған сот, 13 қазанда оны 15 тәулікке қамаған. Сол күні Жарылқасымовты бірнеше адам қолдауға Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне барған, оның ішінде Дінмұхамед Қаматай да болған.– Біз, өзіміздің қазақты батырлары, Думан Мұхаммедкәрім, Қосай Маханбаев, Рафик Жарылқасымов және басқа да елім-жерім деп жүрген азаматтар үшін алаңға, оларды қолдау үшін барамыз, – дейді видеомәлімдеме олар.Адвокаттың сөзінше, Қаматайды 8 ай бұрынғы шара үшін жауапқа тартуға дәл осы видеомәлімдеме себеп болған болуы мүмкін.14 қазанде полиция алдындағы Жарылқасымовты қолдау видеосында болған тағы бір алматылық – Амантай Жұмаділовке де полиция келген.– Мен күні бойы жұмыста болдым. Үйіме он шақты адам келіп, мені іздепті. Не үшін келгенін, кім екенін айтпаған. Мен Рафикті танимын, қолдаймын, видео үндеу жасағаным да рас. Бірақ бұл қылмыс емес, - деді Жұмаділов Азаттыққа.Қазақстанда Ресей президенті Владимир Путиннің елге келуіне қарсылық соңғы бір аптада күшейді. Желіде құқық қорғаушылар, саясаткер мен азаматтық белсенділер пікір қалдырған. Қолына плакат ұстап Алматыдағы Ресей консулдығының алдында келген бірнеше белсендіні полиция консулдық ғимаратына жеткізбей ұстап әкетіп, бірнеше сағаттан кейін босатқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар