Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өз еркімен берілуді үйрететін Украинаның "Хочу жить" сайты Ресей аумағында бұғатталды

azattyq.org

Өз еркімен берілуді үйрететін Украинаның Хочу жить сайты Ресей аумағында  бұғатталды

Украинаның тұтқынға өз еркімен берілуді үйрететін "Хочу жить" ("Өмір сүргім келеді") сайты Ресей аумағында бұғатталған. Сайт Украинадағы соғысқа қатысқысы келмейтін Ресей жауынгерлеріне арналған. Бұл жөнінде Ресейдің "Коммерсант" газеті "Роскомсвобода" жобасына сілтеп хабарлаған.Сайтты бұғаттау туралы шешім 16 қазанда Ресей бас прокуратурасының талабынан кейін қабылданған.Өз еркімен берілу жолдарын егжей-тегжейлі көрсететін нұсқаулық пен Украина қарулы күштерінің өкілетті өкілдерінің телефон нөмірлері сайтқа жазылған. Украина билігі тұтқындарға "әскери тұтқындар жөнінде Женева конвенциясы талаптарын орындауға, үш мезгіл тамақтандыруға, медицициналық ем жасауға, туған-туыстарымен тұрақты байланыстыруға және Украинаның Ресейдегі тұтқындарымен айырбастау мүмкіндігін туғызуға" уәде берген.Мұнан өзге өз еркімен берілгендердің бәрін "Ресей әскери қызметкерлеріне берілетін төлемдер мен жеңілдіктер алу үшін ұрыс кезінде тұтқынға түскендер ретінде рәсімдеуге" уәде берген.Сайтта Ресейде жарияланған мобилизациядан жалтаруды үйрететін нұсқаулық та орналастырылан.21 қыркүйекте Владимир Путин Украинадағы жағдайға байланысты "ішінара мобилизация" жариялаған. Ресей президентінің сөзінше, әскерге тек запастағылар ғана шақырылады және әскери тәжірибесі барларға басымдық беріледі. Оның үстіне, майданға барардан бұрын дайындықтан өткізіледі.Алайда құқық қорғаушылар Ресей билігі әскерге алынғандардың көпшілігі тіпті медициналық тексерістен де өтпегенін хабарлап отыр. Ресейдің әскерге жарамды азаматтарының бір бөлігі мобилизациядан қашып, Қазақстанға да келген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар