Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шекараны шегендеу қашан бітеді?

almaty-akshamy.kz

Шекараны шегендеу қашан бітеді?

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресеймен арадағы шекараны демаркациялау 2-3 жылдай уақыт алады деп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан мен Ресейдің шекарасы 7,5 мың шақырымнан асады. Осы уақытқа дейін делимитация жұмыстары толығымен аяқталған. Бірақ демаркация, яғни, арнайы белгілерді орнату шаралары аяқталмай жатыр. «Шекараның 70 проценті демаркациядан, шегендеуден өткізілген. Енді 30 пайызы қалып отыр. Соның бәрі қиын жақтарда - таулы жерде орналасқан. Сондықтан қосымша 2-3 жылдай уақыт алады деп отырмыз», - деді Тілеуберді. Премьердің орынбасары шекараны межелеу, яғни, делимитациялау толығымен аяқталғанын ерекше атап өтті. «Біз шекараның қай жерде өтетінін нақты біліп отырмыз. Қазір шегендеу процесі ғана қалды», - деп атап көрсетті М.Тілеуберді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024