Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда алимент төлеуден жалтарғандар жұмысқа орналастырылды

inform.kz

Қарағандыда алимент төлеуден жалтарғандар жұмысқа орналастырылды

Шара шаһардағы «Таир» ойын-сауық кешенінде өтті. Онда келушілерге 50-ден астам кәсіпорын мен ұйым 2000 мыңнан аса бос жұмыс орындарын ұсыныды. Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар, жоғары оқу орындарының түлектері, NEET санатындағы жастар мен зейнеткерлік жасқа жетпеген тұрғындар қатысты. «Өткізілген іс-шарада 450 азаматқа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында кеңес берілді. Тағы 93 азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді. Оның ішінде, пробация қызметінің есебінде тұрған 12 тұрғынға және алимент берешегі бар 5 азаматқа жолдама берілді», - делінген Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы тартқан хабарламада. Жәрмеңкеге келушілерге «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар», «Кәсіптік оқыту» бағдарламары бойынша кеңес берілді. Фото: www.instagram.com/czn_karaganda
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар