Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысында құсбегіліктен бірінші халықаралық чемпионат аяқталды

inform.kz

Абай облысында құсбегіліктен бірінші халықаралық чемпионат аяқталды

Чемпионат Үржар ауданында ұйымдастырылған. Оған 6 шет мемлекет пен еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта құсбегі қатысты. Сонымен, қорытынды мынадай: Бүркіт жарысы бойынша жүлделі 1-орынға Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы), 2-орынға Нұман Өмірбек (Абай облысы), 3-орынға Өркен Бәйтілкәріпұлы (Моңғолия), Тастанбек Байрақ (Астана қаласы) ие болды. Қаршыға жарысы бойынша жүлделі 1-орынға Сейтжан Бексұлтан (Алматы облысы), 2-орынға Серікбек Ерасыл (Астана қаласы), 3-орынға Салават Айтбекұлы (Қырғызстан), Айшуақ Тайманов (Маңғыстау облысы) лайық танылды. Ителгі жарысы бойынша жүлделі 1-орынды Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), 2-орынды Ерлан Сандыбай (Түркістан облысы), 3-орынды Мұрат Налват (Түркия), Кеуенов Бағдат (Түркістан облысы) алды. Тазы жарысы бойынша 1-орын Аманбек Дүкенов (Абай облысы), 2-орын Жандос Озатов (Абай облысы), 3-орын Аманбек Дүкеновке берілді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар