Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Татарстан Конституциясы күні татар белсенділері пикет өткізді

azattyq.org

Татарстан Конституциясы күні татар белсенділері пикет өткізді

Татарстан Конституциясы күні татар жастарының "Азатлық" ұйымы белсенділері Қазан қаласында пикетке шығып, татар туын таратты. Бұл жөнінде Азаттық радиосының Татар-Башқұрт қызметі хабарлады."Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған Конституция Татарстандағы бетбұрыс болатын. Конституция татар тілін мемлекеттік тіл етіп бекітті, президент статусын белгіледі, татар халқына тағы да басқа көптеген құқықтар берді. Кейінгі жылдары соның көбінен айырылдық, президент институты мен конституциялық сот жойылды, татар тілінде білім беру доғарылды. Біз Конституция талаптарын орындауды талап етуге міндеттіміз" дейді ұйым жетекшісі Наиль Набиуллин.1992 жылы қабылданған Татарстан Конституциясы қазірге дейін 17 рет өзгерген. Соңғы рет 2012 жылы өзгеріске ұшыраған. Сарапшылар бұл түзетулердің бәрі Татарстанды 1992 жылы жариялаған егемендік статусынан айыруға бағытталған деген пікірде.Татарстан президенті Рустам Минниханов Татарстан халқын конституцияның отыз жылдығымен құттықтаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар