Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украинадағы соғыста Дағыстаннан мобилизацияланған мұғалім өлген

azattyq.org

Украинадағы соғыста Дағыстаннан мобилизацияланған мұғалім өлген

Украинадағы соғыста Дағыстанның Магарамкент ауылының 34 жастағы тұрғыны, 23 қыркүйекте мобилизацияға іліккен Марат Селимов өлген. Бұл жөнінде Магарамкент ауданы басшысы Фарид Ахмедов телеграм арнасына жазған.Селимов Магарамкенттегі 2-мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс істеген. Оны мобилизациямен әскерге алып, Украинаның Запорожье облысына жіберген. 6 қарашада Селимовті ауылына әкеліп жерлеген.Украинада соғыс басталғалы бері Азаттықтың Кавказ қызметі - Кавказ.Реалии сайты Кавказдың оңтүстік және солтүстік аймағынан соғысқа барып өлгендер тізімін жасап келеді. Қазірге дейін 1513 адамның аты-жөні мәлім болған, оның 303-і Дағыстан азаматтары. Бұл мәліметтерді редакция БАҚ-та жарияланған мақалаларға, билік мәлімдемелеріне, құқық қорғаушылардың ақпаратына және өз дереккөздеріне сүйеніп анықтаған. Адам өлімі шын мәнінде мұнан әлдеқайда көп болуы да мүмкін.Қазан айында Дағыстан ақпарат құралдары Дағыстаннан мобилизациямен әскерге алынғандардың өлімі жайлы алғаш рет хабарлаған .Дағыстан үкіметі мобилизациямен және "өз еркімен" әскерге барып, Украинаға кеткендердің отбасыларына 350 миллион рубль бөлген. Әр отбасыға 100 мың рубль белгілеген. Бұл есепке қарағанда Украинадағы соғысқа Дағыстаннан кем дегенде үш жарым мың адам қатысқан деуге болады.Кремль 21 қыркүйекте Ресейде "ішінара" мобилизация жарияланғаннан кейін Дағыстан орталығы Махачқалада 25-26 қыркүйекте қарсылық акциясы өтіп, 200-ден астам адам қамауға алынған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024